
Басқарма қызметінің басым бағыттарының бірі-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету және қызмет көрсетуін сапасын арттыруы болып табылады.
Бизнеске кедергілерді жою және байланыстарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі.
Қазырғы кезде, ақпараттық технологиялар даму барысында, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш үйден шықпай-ақ беруге болады - "электрондық үкімет" веб - порталы арқылы www.egov.kz. платформасында. бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі алушының "жеке кабинетіне" қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуіріндегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына; ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Басқармамыз мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді.
1) Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына, шикізаттың жаңа түрлеріне және өнімнің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды (көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні).
2) Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні).
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру және оларды тізілімге енгізу (көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні).
2022 жылдың басынан Ертіс аудандық басқармаға мемлекеттік қызметтерді алуға 9 өтініш түсті, оның ішінде жобаларға – 7 өтініш санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды алу үшін – 2 өтініш.
Құрметті қызмет алушылар, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтарыңыз болса, 2-19-75 нөмері Ертіс аудандық басқармасына, және 55-18-82, 55-82-30 нөмерлері арқылы Павлодар облысы департаментіне хабарласып, кеңес ала аласыздар.