«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ -нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

 «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 2025 жылы мемлекеттік қызметтің 15 түрін көрсетті.

2025 жылы халыққа барлығы 1203 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 4.
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 350.
  • Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 8.
  • Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу – 67.
  • Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу – 35.
  • Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 99.
  • Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 22.
  • Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу – 0.
  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 95.
  • Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 170.
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау – 1.
  • Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 25.
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 318.
  • Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 1.
  • «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» - 8.

Бөлім ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында бөлім ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы                                                 Б. Аралбаева

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ -нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы
Дата публикации
06 февраля 2026