Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
«Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді.
2025 жылы халыққа барлығы 339 мемлекеттік қызмет көрсетілді, дәлелді бас тарту – 14,
"Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметі бойынша 1 мерзімін өткізіп алу бар (хабарламаға қол қою кезінде жүйелік қателер пайда болды). Өтініш беруші 101000197282419 қайта өтінім берді, мемлекеттік қызмет ол оң қаралды.
15 сәуір күні сағат 14:30-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы А.Б. Искендировтың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Акция аясында портал арқылы үйден шықпай-ақ құрылыс саласында мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндірілді.
Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Бөлім ғимаратының залында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған. Сондай-ақ, бөлім ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 12 адам мемлекеттік қызмет алды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы олқылықтар анықталған жоқ.