Ертіс ауданының 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті 2025 жылғы 15 желтоқсандағы бюджетті нақтылауды ескере отырып

Ертіс ауданының 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

2025 жылғы 15 желтоқсандағы бюджетті нақтылауды ескере отырып

 

 

ҚҰРМЕТТІ САЙТҚА КІРУШІЛЕР!

 

 

 

Сіздің назарыңызға 2025-2027 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылған, онда аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.

      Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:

- бюджеттік процестің заңнамалық базасы;

- бюджет процесінің сызбасы;

- әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

- аудандық бюджетті жоспарлау.

 

Бюджеттік процестің

 заңнамалық базасы

 

 

   Аудандық бюджет  –  бұл ауданның мемлекеттік органдарының, оларға бағынысты мекемелердің және мемлекет саясатының іске асырылуы үшін нақты қол жеткізуге бағытталған міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған қаражат қоры.

 

        Аудандық бюджет жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесіне сәйкес 3 жылдық кезеңге әзірленеді.

2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және Ертіс аудандық мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 108-29-8 шешімімен бекітілді (2025 жылғы 18 сәуірдегі № 121-33-8, 2025 жылғы 23 шілдедегі № 131-37-8, 2025 жылғы 10  қыркүйектегі № 135-39-8, 2025 жылғы 14  қарашадағы № 142-41-8, 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 147-44-8 өзгерістермен)

 

Ертіс ауданының 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті 2025 жылғы 15 желтоқсандағы бюджетті нақтылауды ескере отырып
Дата публикации
17 декабря 2025