«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңының 13-бабының 1-тармағы, 14-5-бабының 3) тармақшасы негізінде қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 106 бұйрығымен "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Фитосанитариялық есепке алудың мынадай нысандары бекітілді:
ФУ-1, «Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп», жартыжылдық, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін