Голубовка ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы Ертіс ауданы Голубовка ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

        

2025 жылғы 29 шілдеде сағат 18.00-де Ертіс ауданы Голубовка ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен ұсынылды,  2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.

         Орташа бәсекелестік –3 адам. 

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу             2025 жылғы 3 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Ертіс аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Голубовка ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
30 июля 2025