Ертіс ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Ертіс ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Ертіс ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі функционалдық бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:

  • Экономика,қаржы және бюджеттік жоспарлау
  • Қорғаныс
  • Агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария
  • Еңбек қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру
  • Мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Мәдениет, өнер, тілдерді дамыту
  • Ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы
  • Ішкі саясат

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

 

     Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz., интернет -  порталында тіркелуі және kupeeva.aislu@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері: 2025  жылғы  17- 23 шілде  аралығында.

Ертіс ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы
Дата публикации
18 июля 2025