Ертіс ауданы Ертіс ауылы және Қоскөл, Панфилов, Сілеті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 29 маусымда өткен Ертіс ауданы Ертіс ауылы және Қоскөл, Панфилов, Сілеті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

 

2025 жылғы 29 маусымда Ертіс ауданының Ертіс ауылы және Қоскөл, Панфилов, Сілеті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.

           Ертіс ауылы

Сайлаушылар тізіміне 5512 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 3203 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 28 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Ертіс ауылы әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Алкенов Даулет Таймысович үшін сайлаушылардың 1970 дауысы берілді,

Бексеитов Каиргельды Ануарбекович үшін сайлаушылардың 559 дауысы берілді,

Кемелбаев Талгат Мухтарович үшін сайлаушылардың 597 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 49.

Сайлау қорытындысы бойынша Ертіс ауылының әкімі болып сайланды:

Алкенов Даулет Таймысович, 1971 жылы туған, Ертіс ауылының әкімі, Ертіс ауылының тұрғыны.

        

  Қоскөл ауылдық округі

Сайлаушылар тізіміне 392 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 281 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Қоскөл ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Искакова Назира Жумабековна үшін сайлаушылардың 29 дауысы берілді,

Каменчук Светлана Александровна үшін сайлаушылардың 31 дауысы берілді,

Тюлегенов Дулат Балыкбаевич үшін сайлаушылардың 204 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 9.

Сайлау қорытындысы бойынша Қоскөл ауылдық округінің әкімі  болып сайланды:

Тюлегенов Дулат Балыкбаевич, 1989 жылы туған, Ертіс ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Ертіс ауылының тұрғыны.

 

           Панфилов ауылдық округі

Сайлаушылар тізіміне 702 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 463 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 7 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Панфилов ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Илькаева Надежда Владимировна үшін сайлаушылардың 37 дауысы берілді,

Карибаев Асылбек Ислямович үшін сайлаушылардың 353 дауысы берілді,

Конурбаева Анар Коженовна үшін сайлаушылардың 29  дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 21.

Сайлау қорытындысы бойынша Панфилов ауылдық округінің әкімі  болып сайланды:

Карибаев Асылбек Исялмович, 1973 жылы туған, Панфилов ауылдық округінің әкімі, Тоқта ауылының тұрғыны.

 

Сілеті  ауылдық округі

Сайлаушылар тізіміне 702 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 281 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 0 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Сілеті ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Батыргужинов Женис Кожаханович үшін сайлаушылардың 221 дауысы берілді,

Мукушева Жанара Армиевна үшін сайлаушылардың 23 дауысы берілді,

Савиных Дмитрий Федорович үшін сайлаушылардың 20  дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.

Сайлау қорытындысы бойынша Сілеті ауылдық округінің әкімі  болып сайланды:

Батыргужинов Женис Кожаханович, 1966 жылы туған, «Бірлік негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ директоры, Қызылағаш ауылының тұрғыны.

 

 

Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Ертіс ауданы Ертіс ауылы және Қоскөл, Панфилов, Сілеті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
30 июня 2025