Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағының негізінде, Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 29 қаулысына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы ақпаратты жариялаймыз.
№ 278 учаскелік сайлау комиссиясы төрағаның орынбасары Карибаева Гульнара Амангельдиновнаның міндеттерін орындау сайлау науқаны кезеңіне тоқтатылды.
№ 278 учаскелік сайлау комиссиясының өкілеттіктерін тоқтата тұрған мүшенің орнына Каиров Азамат Кудайбергенович тағайындалсын.
№ 280 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Батыргужинов Женис Кожахановичтың, Аубакирова Манар Амангельдиевнаның міндеттерін орындау сайлау науқаны кезеңіне тоқтатылды.
№ 280 учаскелік сайлау комиссиясының өкілеттіктерін тоқтата тұрған мүшелерінің орнына Рыспаев Рахат Калиевич, Амантай Гүлзат Сәрсенбайқызы тағайындалсын.