2025 жылғы 11 мамырда өткен Павлодар облысы Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
хабарлама
2025 жылғы 11 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданы Северный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 587 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 371 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 16 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Северный ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Искакова Руфина Абаевна үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді,
Кусаинов Аманжол Файзуллинович үшін сайлаушылардың 286 дауысы берілді,
Қанатов Ринат Қанатұлы үшін сайлаушылардың 34 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 11.
Сайлау қорытындысы бойынша Северный ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Кусаинов Аманжол Файзуллинович, 1979 жылы туған, «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ «Павлодар қаласының мансап орталығы» филиалының кеңесші, Ертіс ауылының тұрғыны.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы