Павлодар облысы Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 15 сәуір сағат 18.00-де Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік –3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 20 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы