Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
«Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді.
2023 жылы халыққа барлығы 440 мемлекеттік қызмет көрсетілді, дәлелді бас тарту – 25.
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару-4
- Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру -34
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы -71, бас тартылды - 23 (меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болуы)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру-7
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру-0
- Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау-0
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды келісу-0
- Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау бағыттары мен қозғалыс кестесін бекіту-0
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) -0
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру-117, бас тартылды-0
- Құрылыс және қайта құру (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну -116, бас тартылды-1 (Ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (жер учаскесіне құжаттың электрондық көшірмесі))
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу -91, бас тартылды-1 (эскиздің (эскиздік жобаның) осы қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі)
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Бөлім ғимаратының залында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында бөлім ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар. Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 126 адам мемлекеттік қызмет алды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы олқылықтар анықталған жоқ.