Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздің назарыңызға "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылды, онда бюджеттік бағдарламалар және олар бойынша жоспарланған шығыстар туралы ақпарат бар.
2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Ертіс ауданының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және аудан әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсанындағы № 43-12-8 қаулысымен мақұлданды (2024 жылғы 24 мамырдағы № 88-22-8, 2024 жылғы 14 тамыздағы № 86-24-8, 2024 жылғы 29 қарашадағы № 96-27-8 өзгерістермен).