Ертіс ауданының 2025-2027 жылдарға
арналған азаматтық бюджетінің жобасы
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!!!
Ауданның барлық азаматтарын бюджеттік параметірлерімен, басымдылығымен шешімімен таныстыру мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджет өңделген, онда аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның параметрлері және бюджет қаражаты шығыстарының жұмсалу бағыттары қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:
- бюджеттік процестің заңнамалық базасы;
- бюджет процесінің сызбасы;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
- аудандық бюджетті жоспарлау.
Бюджеттік процестің
заңнамалық базасы
Аудандық бюджет – бұл ауданның мемлекеттік органдарының, оларға бағынысты мекемелердің және мемлекет саясатының іске асырылуы үшін нақты қол жеткізуге бағытталған міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Аудандық бюджет жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесіне сәйкес 3 жылдық кезеңге әзірленеді.
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Ертіс ауданының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және аудан әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 205/9 қаулысымен мақұлданды.