Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Ертіс ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ 2024 жылғы 05 қарашасында Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 тамызындағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру орналастырылған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады:
- қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шарттарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын ұйымдастырушының шотына түспеуі;
- Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына және 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес;
- егер қатысушы Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрса.
Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.
Бағаны көтеруге арналған аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен емес сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Аукцион сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақыттан басталады.
Әрбір сатылған объект бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған веб-порталда сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен сатушы арасындағы жер учаскесін сатып алу-сату шартына немесе жер учаскесін жалға алу құқығына қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері мен талаптарын тіркейтін құжат болып табылады.
Жер учаскесін сатып алу-сату шарты немесе жер учаскесін жалға алу құқығы веб-порталда электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН: 050540004455; Кбе: 16.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): БСК:HSBKKZKX, төлем тағайындау коды857.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:
|
Р/с№
|
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің мақсатты нысаны |
Жер учаскесінің көлемі, га |
Иеліктеншығарылатынқұқықтүрі (жеручаскесінменшікқұқығынемесежалғаалуқұқығы) |
Жеручаскесінебарлықауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі |
Жалдау ақысының сомасы, теңге |
Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі |
Бастапқы (минималды) бағасы, (теңге) |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
Өткізу уакыты мен күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
9 |
|
|
1 |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Сілеті ауылдық округі, Қызылағаш ауылы Жазы батыр көшесі, 15 учаскесі |
50 бас ІҚМ ұстауға арналған мал шаруашылығы үй-жайын салу үшін |
0,2900 |
3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзак мерзімді жер пайдалану құқығы |
жоқ |
2 004 |
Аукцион бағаның өсуіне қарай |
13 920 |
50 АЕК, 184600 теңге |
2024 жылы 05 қараша сағат 12.00 де |
|
2 |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 51/1 учаскесі |
Дүкен салу үшін |
0,0080 |
3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы
|
жоқ |
65 |
Аукцион бағаның өсуіне қарай |
1 041,6 |
50 АЕК, 184600 теңге |
2024 жылы 05 қараша сағат 11.00 де |
|
3 |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қожаберген батыр көшесі, |
Сауда павильонын орналастыру және қызмет көрсету үшін (күрделі құрылыссыз) |
0,0070 |
3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы
|
жоқ |
56 |
Аукцион бағаның өсуіне қарай |
911,4 |
50 АЕК, 184600 теңге |
2024 жылы 05 қараша сағат 15.00 де |
|
4 |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қожаберген батыр көшесі, |
Сауда павильонын орналастыру және қызмет көрсету үшін (күрделі құрылыссыз) |
0,0080 |
3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы |
жоқ |
65 |
Аукцион бағаның өсуіне қарай |
1 041,6 |
50 АЕК, 184600 теңге |
2024 жылы 05 қараша сағат 12.00 де |
|
5 |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Амангелді ауылдық округі Ленин ауылы Абай көшесі, 45 учаскесі |
Мал союалаңын салу үшін |
0,2400 |
3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы |
жоқ |
1 382 |
Аукцион бағаның өсуіне қарай |
14 400 |
50 АЕК, 184600 теңге |
2024 жылы 05 қараша сағат 11.30 да |
|
6 |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Жазы Батыр көшесі, 49 учаскесі |
Өндірістік базаны және көмір қоймасын салу үшін |
1 |
3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы |
жоқ |
6 912 |
Аукцион бағаның өсуіне қарай |
111 600 |
50 АЕК, 184600 теңге |
2024 жылы 05 қараша сағат 11.00 де |
Ұйымдастырушы: «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпаратүшін телефон: 8/718/32/2-15-46