«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 5 сәуірдегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" № 71 бұйрығына және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 104 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:
E-R-4 санаты үшін:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
E-R-4 |
195549 |
224624 |
«Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140500, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі 118, телефон: 8 (71832) 2-11-93, nurgalieva.gulnara.s@pavlodar.gov.kz Ертіс ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды:
E-R-4санаты, «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы.
Функционалдық міндеттері: Барлық инстанциялар сотында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Ертіс ауданының жерқатынастары бөлімі" ММ-нің мүдделерін ұсыну. Талап – арыз жұмысын жүргізу (талап-арыздарды, арыздарды, пікірлерді, апелляциялық шағымдарды, кассациялық шағымдарды дайындау). Ай сайын талап-арыз жұмысы бойынша ақпаратты аудан әкімі аппаратына ұсыну. Талап-арыз жұмысы бойынша мониторинг жүргізу. Бөлім қызметкерлерімен құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту бойынша жұмыс жоспарын дайындау. Бөлім басшылығына жедел деректерді, талдамалық анықтамаларды сапалы және уақтылы ұсыну. Бөлім басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау. Жер қатынастары мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін сапалы және уақтылы қарау және оларға жауап беру. Ақпараттық бағдарламаларда жұмыс істеу.
«В» функционалдық блогі.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (Бизнес, басқару және құқық (кеден ісі және/немесе құқықтану); бизнес, басқару және құқық (заңгер); ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (құқық қорғау қызметі).
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электронды почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, мемлекеттік органның жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) ұсынылуға тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Павлодар облысы, Ертіс ауданы Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118 мекен жайы бойынша орналасқан «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ-нде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс комиссиясының отырысына уәкілетті органнның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері қатыса алады, оның ішінде қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады. Байқаушылар тиісті мемлекеттік органнның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өзінің пікірін білдіре алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Қағидалардың 54-тармағына сәйкес, әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидалардың 92-тармағына сәйкес, А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комиссиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________