«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 5 сәуірдегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" № 71 бұйрығына және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 104 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:
E-R-2 санаты үшін:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
E-R-2 |
305232 |
350615 |
«Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140500, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі 118, телефон: 8 (71832) 2-11-93, nurgalieva.gulnara.s@pavlodar.gov.kz Ертіс ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Құрылыс жобаларының іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық құрылыс ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия жұмысына қатысу. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асырады.Статистикалық есеп мәліметтері негізінде түрлі анықтамаларды даярлайды. Бөлім қызметкерлерінің тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Президент Жарлықтарының, Өкімдерінің, Үкімет Қаулыларының, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы
және толық орындалуына жауап береді. Бөлім басшысының келешектегі деректер жоспарының жобасын және бөлім жұмысының бейініне қатысты мәселелер бойынша іс-әрекет бағдарламасын дайындауды қамтамасыз етеді. Бөлім басшысын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерімен аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен сұратылған мерзімдерде және нысандар бойынша басшыны қамтамасыз етеді және мерзімді есептілік пен материалдарды дайындауды талап етеді; тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері бойынша бөлімнің жоғары тұрған органдармен және ауыл және ауылдық округ әкімдерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді; лауазымдық және заңды тұлғалардан жұмыс бейініне сәйкес белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұратады; бөлім қызметкерлеріне өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді; қолданыстағы нұсқаулық және нормативтік актілермен бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді; жоғары тұрған органдарға келісуге және аудан әкіміне бекітуге енгізу үшін бөлімнің стратегиялық жоспарын әзірлейді. Қолданыстағы заңнамада көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
«А» функционалдық блогі.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Қызметтер (көлік қызметтері); бизнес, басқару және құқық (құқықтану);
бизнес, басқару және құқық (юрист);
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (Жылутехникалық қондырғы және жылуды қамтитын жүйелер (барлық түрлер бойынша) және/немесе Ғимараттар құрылысы және пайдалануы және/немесе Гидротехникалық құрылыс және/немесе электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) және/немесе автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану);
өнер және гуманитарлық ғылымдар (сурет өнері және/немесе мүсін өнері және/немесе дизайн); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина жасау және/немесе автоматтандыру және басқару және/немесе сәулет және/немесе құрылыс және/немесе жылу энергетикасы және/немесе көлік құрылысы және/немесе кадастр және/немесе инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе геодезия және картография және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе электр
энергетикасы және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) және/немесе құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру және/немесе -Технологиялық машиналар және жабдық).
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электронды почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, мемлекеттік органның жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) ұсынылуға тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Павлодар облысы, Ертіс ауданы Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118 мекен жайы бойынша орналасқан «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ-нде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс комиссиясының отырысына уәкілетті органнның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері қатыса алады, оның ішінде қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады. Байқаушылар тиісті мемлекеттік органнның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өзінің пікірін білдіре алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Қағидалардың 54-тармағына сәйкес, әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидалардың 92-тармағына сәйкес, А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комиссиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________