Ертіс ауданының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті 

Г

Ертіс ауданының 2024-2026 жылдарға

 арналған азаматтық бюджеті

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!!!

 

 

Ауданның барлық азаматтарын бюджеттік параметрлермен, басымдықтармен және шешімдермен таныстыру мақсатында, Сіздердің назарларыңызға 2024-2026 жылдарға арналған Ертіс ауданының нақтыланған азаматтық бюджеті ұсынылған, онда аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.

      Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:

- бюджеттік процестің заңнамалық базасы;

- бюджет процесінің сызбасы;

- әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

- аудандық бюджетті жоспарлау.

 

Бюджеттік процестің

 заңнамалық базасы

 

 

   Аудандық бюджет  –  бұл ауданның мемлекеттік органдарының, оларға бағынысты мекемелердің және мемлекет саясатының іске асырылуы үшін нақты қол жеткізуге бағытталған міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған қаражат қоры.

 

        Аудандық бюджет жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесіне сәйкес 3 жылдық кезеңге әзірленеді.

 

 

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Ертіс ауданының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және Ертіс аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 43-12-8 шешімімен бекітілді.  

 

Ертіс ауданының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті 
Дата публикации
29 декабря 2023