Ертіс ауданының 2023-2025 жылдарға
арналған азаматтық бюджеті
(2023 жылғы 21 сәуірдегі бюджетті нақтылауды ескере отырып)
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!!!
Ауданның барлық азаматтарын бюджеттік параметрлермен, басымдықтармен және шешімдермен таныстыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға 2023-2025 жылдарға арналған Ертіс ауданының нақтыланған азаматтық бюджеті ұсынылды, онда аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:
- бюджеттік процестің заңнамалық базасы;
- бюджет процесінің сызбасы;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
- аудандық бюджетті жоспарлау.