«Дипломмен – ауылға!» жобасы цифрлық форматқа көшірілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға» жобасының сенім білдірілген агенті болып Отбасы банкі тағайындалды.
Қазіргі уақытта Ертіс ауданында 140 маман осындай несие алды. Енді бұл қарыздар «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде Отбасы банкінде қызмет көрсетілетін болады. Сондықтан, осы несиелері бар мамандар төлемдерді уақтылы өтеу және одан әрі мерзімі өткен немесе өсімпұл есептелмеуі үшін Банктің клиенттері болуы қажет.
Банктің клиенттері бола отырып, олар несие шарттарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.
Банктің клиенті болудың бірнеше жолы бар:
- Оtbasybank мобильді қосымшасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шот пен депозит ашыңыз;
- Ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалыңыз;
- банктің жақын жердегі бөлімшесіне немесе консультациялық орталыққа жүгіну.