«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 28 қаулысымен сайлау бойынша сайлау округі құрылды:
- Қарақұдық ауылдық округінің әкімі – Қарақұдық сайлау округі Қарақұдық ауылдық округінің шекараларында.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 29 қаулысымен Ертіс ауданының Қарақұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын 2022 жылғы 9 қазанға тағайындалды.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 99 үй, «Ертіс ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ ғимаратында орналасқан.