«Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету туралы есебі

«Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету туралы

есебі

 

            Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізеді.  Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

          «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

          Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын, оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - қағидалар) осы Қағидалардың 1 қосымшаға  сәйкес «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» (әрі қарай мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

          Мемлекеттік қызмет «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  100 АЕК (2021 жылы – 291700 теңге, 2022 жылы – 306300 теңге) мөлшерінде көтерме жәрдемақы түрінде көрсетіледі және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК (2021 жылы – 4375500, 2022 жылы – 4594500 теңге) мөлшерінде бюджеттік несие алуға құқылы.

          Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. 2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 37 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 37 өтініш оң қаралды, 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 17 өтініш оң қаралды және 3 өтініш бойынша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тартылды, Қағидалардың 10-тармағына сәйкес құжаттардың пакеті толық емес.

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың фойесінде, сондай-ақ Ертіс ауданы әкімдігінің ресми сайтында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелері» орналастырылған, сондай-ақ ресми сайтта «2022 жылға арналған Ертіс ауданының ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесі» орналастырылған.

Аудан тұрғындарының хабардарлығын арттыру үшін бюджеттік несие мен көтерме жәрдемақы алғысы келетін қызмет алушылармен тікелей эфирлер (instagram, facebook) және онлайн кездесулер (ZOOM, instagram) өткізілді. Аудандық «Ертіс нұры» және «Ертіс» газеттерінде және әлеуметтік желілерде (instagram, facebook) тұрақты түрде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мақалалар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі үнемі жарияланып отырады.

2021 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде көрсетілді, қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
28 апреля 2022