ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 25 қаулысымен Ертіс ауданының ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды: - Ағашорын ауылдық округінің әкімі – Ағашорын сайлау округі Ағашорын ауылдық округінің шекараларында. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 26 қаулысымен Ертіс ауданының Ағашорын ауылдық округі әкімінің сайлауын 2022 жылғы 29 мамырға тағайындалды.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 99 үй, «Ертіс ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ ғимаратында орналасқан.