Павлодар облысы Ертіс ауданының Голубовка ауылының әкімін сайлау қортындылары туралы ХАБАРЛАМА

Павлодар облысы Ертіс ауданының Голубовка ауылының

әкімін сайлау қортындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

         2021 жылдың 3 қазанда Ертіс ауданының  Голубовка ауылының әкімін сайлау өтті. 

 

          Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабы,113-10бабы, 44 бабының 2 тармағына, 14 бабының 9 тармақшасына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасына сәйкес Ертіс ауданының Голубовка ауылы әкімін сайлау нәтижелерін анықтады:

 

Голубовка ауылы әкімін сайлау бойынша:

Голубовка сайлау округі

 

Сайлаушылар тізіміне 538 азаматтар енгізілді, дауыс беруге қатысқандар-526, жарамсыз деп саналған бюллетеньдер саны-0, «Бәріне қарсы»  - 5.

 

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

 

Ислямов Н.Б.-433; Кужаков М.К.-51; Майкенова А.Е.-37.

    «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылында тұратын, Тоқта НББМ директоры, 1978 жылы туылған, Ислямов Назымбек Болатбекович Голубовка ауылы  әкімі болып сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес,  Ертіс аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 4 қазандағы шешімімен 2021 жылғы               3 қазанда сайланған Ертіс ауданы Голубовка ауылының әкімін тіркеді.

 

       Ертіс аудандық аумақтық                               сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 октября 2021