Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 3 қазандағы тағайындалған Голубовка ауылы әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы
хабарлама
2021 жылдың 10 қыркүйекте әкімдікке кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды:
- Кужаков Мурат Копжасарович;
- Майкенова Анара Ерболатовна.
2021 жылдың 10 қыркүйекте әкімдікке кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын «Nur Otan» партиясынаң ұсынды:
- Ислямов Назымбек Болатбекович.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталуда.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.