Ертіс ауданының ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Ертіс ауданының ауылдары мен  ауылдық округтері әкімдерін

сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылсын:

1) Ертіс ауылы әкімі – Ертіс ауылдық округінің шекарасындағы Ертіс сайлау округі;

2) Сілеті ауылдық округі әкімі – Сілеті ауылдық округінің шекарасындағы Сілеті сайлау округі;

3) Қоскөл ауылдық округі әкімі – Қоскөл ауылдық округінің шекарасындағы  Қоскөл сайлау округі;

4) Панфилов ауылдық округі әкімі – Панфилов ауылдық округінің шекарасындағы  Панфилов  сайлау округі;

5) Амангелді ауылдық округі әкімі – Амангелді ауылдық округінің шекарасындағы  Амангелді сайлау округі.

2.Сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, олардың тізімін Ертіс  ауданы әкімдігінің сайты мен аудандық «Ертіс нұры» және «Иртыш» газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                    Г. Сыздықова

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                                    Ж. Сәкіжанова

Дата публикации
25 июня 2021