Ертіс ауданының 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
(Ертіс аудандық мәслихаттың 2019 жылдың 25 желтоқсандағы № 212-50-6 шешімімен бекітілген, Павлодар облысының әділет басқарамсында 2019 жылдың 27 желтоқсандағы № 6689 құқықтық нормативтік актілерінде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Ауданның барлық азаматтарын бюджеттік параметірлерімен, басымдылығымен шешімімен таныстыру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджет өңделген, онда аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның параметрлері және бюджет қаражаты шығыстарының жұмсалу бағыттары қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:
- облыстың әлеуметтік-экономсикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;
- облыс бюджетінің түсімдері және шығыстары;
- облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп.