Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 27 қыркүйекте  өткен  Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

 

2026 жылғы 27 қыркүйекте Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 313 азамат енгізілді. Дауыс беруге 171 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Қарақұдық ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Искакова Назира Жумабековна үшін сайлаушылардың 20 дауысы берілді,

Мукушева Жанара Армиевна үшін сайлаушылардың 18 дауысы берілді,

Рустембеков Темиргали Сапаргалиевич үшін сайлаушылардың 123 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 4.

Сайлау қорытындысы бойынша Қарақұдық ауылдық округінің әкімі  болып Рустембеков Темиргали Сапаргалиевич сайланды. Ол 1966 жылы туған, «Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Қарақұдық ауылының тұрғыны.

 

 

 

Ертіс  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 сентября 2026