Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық  округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

        

2026  жылғы 1 қыркүйекте сағат 18.00-де Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 Ертіс аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 сентября 2026