Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

 

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 2 қыркүйектен (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_irt@saylau.kz, мекенжайы: Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 99) ұсынуға тиіс.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ертіс  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 августа 2026