Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 тамыздағы №49 қаулысымен Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің шекарасында Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округі құрылды.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ертіс а., Бөгенбай көш., 99, тел.: 8 (71832) 21814.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы