«Ертіс ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

          «Ертіс ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сы мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді, олар:

  1. «Спорттық төреші» - спорттық атағын беру;
  2. «2 разрядтағы спортшы» - спорттық атағын беру;
  3. «3 разрядтағы спортшы» - спорттық атағын беру;

4. «1 разрядтағы жасөспірім спортшы» - спорттық атағын беру;5. «2 разрядтағы жасөспірім спортшы» - спорттық атағын беру;6. «3 разрядтағы жасөспірім спортшы» - спорттық атағын беру;7. «Біліктілігі жоғары 2-ші санаттағы жаттықтырушы» - спорттық атағын беру;8. «Біліктілігі орташа 2-ші санаттағы жаттықтырушы» - спорттық атағын беру;9. «Біліктілігі жоғары 2-ші санаттағы әдіскер» - спорттық атағын беру;10.«Біліктілігі орташа 2-ші санаттағы әдіскер» - спорттық атағын беру;11.«Біліктілігі жоғары 2-ші санаттағы спорт нұсқаушысы» - спорттық атағын беру;12. «Біліктілігі орташа 2-ші санаттағы спорт нұсқаушысы» - спорттық атағын беру.

2025 жылы халыққа барлығы  53 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1)    «1 разрядтағы жасөспірім спортшы» спорттық атағы – 5 адамға берілді;2)    «2 разрядтағы жасөспірім спортшы» спорттық атағы – 9 адамға берілді;3)    «3 разрядтағы жасөспірім спортшы» спорттық атағы – 39 адамға берілді;Және 3 негіздемелі кері қайтару -  Аудандық БЖСМ жаттықтырушыларына «Біліктілігі жоғары 2-ші санаттағы жаттықтырушы» атағын беру туралы арыздары.

Әкімшілік ғимаратының фойесінде қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

«Ертіс ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы.
Дата публикации
14 мая 2026