2025 жылға арналған" Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі " ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі мен мерзімдері нақты регламенттеледі, оларды көрсету үшін құжаттардың толық тізбесі көзделген.

"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсетеді, оның 9-ы электронды түрде, 2-і қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтер "электрондық үкімет" порталы арқылы автоматтандырылған түрде көрсетіледі www.egov.kz. (Е-лицензиялау) және кеңсе арқылы. Сондай ақ электрондық үкімет порталы арқылы armegkn2.gov4c.kz

 


"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

1."Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" электрондық форматта көрсетіледі, көрсету мерзімі 3 жұмыс күні

2."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" электрондық форматта көрсетіледі (елді мекенде көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін, елді мекеннен тыс жерде 16 жұмыс күніне дейін)

3."Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" электрондық форматта көрсетіледі, көрсету мерзімі 10 жұмыс күні

4."Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" электрондық форматта көрсетіледі, көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күн

5."Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" электрондық форматта көрсетіледі. Бірінші кезең-28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең-18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

6."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" электрондық форматта көрсетіледі. Бірінші кезең-12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең-3 (үш) жұмыс күні ішінде.

7."Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау" қызметі қағаз нұсқада көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күн.

8."Бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру" электрондық форматта 5 (бес) жұмыс күні көрсетіледі.

9."Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату" электрондық форматта және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.

10."Жер учаскесін алуға кезекке қою" электрондық форматта және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 20 (жиырма) минут ішінде.

Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту электрондық форматта және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні.

2025 жылы барлығы 517 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (514 оң қаралды, 3 дәлелді бас тарту), оның ішінде 708 – электронды түрде, 24 – қағаз түрінде. 2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2025 жылға арналған" Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі " ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Дата публикации
12 мая 2026