
Ауылдық округтің мәдениет саласын спорт залы бар Панфилов Мәдениет үйі, Тоқта ауылдық клубы, Қосағаш мәдени-сауық орталығы, ауылдық кітапхана ұсынады. Мәдениет үйінде вокалдық және жеке ән айту үйірмесі жұмыс істейді. Мәдениет үйі мен ауылдық кітапхана өткен кезеңде 70 іс-шара өткізді.