GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
Мәдениет және спорт
19 октября 2026
Майқоңыр ауылы әкімінің аппараты құттықтайды!

Майқоңыр ауылы әкімінің аппараты құрметті тұрғынымыз Андреев Константин Николаевичті зейнеткерлік демалысқа шығуымен шын жүректен құттықтайды! 
Сізге мықты денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр және бақ-береке тілейміз. Өмірдің бұл жаңа белесі тек қуанышқа, жайлылық пен жақындарыңыздың ыстық ықыласына толы болсын! 

Мәдениет және спорт
14 октября 2026
«ЕҢ ҮЗДІК ҚОЛӨНЕР ИЕСІ» — II ОРЫН

Аудандық байқауда «Ең үздік қолөнер иесі» номинациясы бойынша II орын иеленген Бауэр Евгения Николаевнаны шын жүректен құттықтаймыз! 

Қолөнер — үлкен шеберлікті, шыдамдылықты және шығармашылықты талап ететін ерекше өнер. Сіздің қолыңыздан шыққан туындылар әсемдік пен шеберліктің жарқын үлгісі болып табылады. 

 
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық
12 октября 2026
Майқоңыр ауылы облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының қорытындысы бойынша ең үздік үштіктің қатарына енді
2 қазанда Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау нәтижесі бойынша Майқоңыр ауылы өңірдегі ең үздік үш елді мекеннің қатарынан көрініп, жүлделі орынға ие болды.
 
Мәдениет және спорт
06 мая 2026
Отан қорғаушылар күніне орай марапаттау

Майқоңыр ауылының спорт нұсқаушысы Нетаев Д.А. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Amanat» партиясының Алғыс хатымен марапатталды! Аталған марапат оның дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді.

Білім
28 апреля 2026
Жас жол инспекторлары (ЖЖИ) жасақтарының аудандық слеті

Бүгін Жас жол инспекторлары (ЖЖИ) жасақтарының аудандық слеті өтті. Аталған шараға Майқоңыр  жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі II орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!

Мәдениет және спорт
28 апреля 2026
"Бүлдіршін-2026" аудандық балалар шығармашылығы фестивалі

Майқоңыр  орта жалпы білім беру мектебінің даярлық тобының тәрбиеленушілері «Хореография» жанры бойынша өткен «Бүлдіршін-2026» аудандық балалар шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздары атанды.  

Мәдениет және спорт
06 апреля 2026
Қазақша күрестен аудандық спартакиада

2026 жылдың 5 сәуірінде аудандық қазақша күрес спартакиадасы өтті.

Спортшыларымыз керемет нәтижелер мен нағыз жауынгерлік рух көрсетті!

Команданың есебінде әртүрлі салмақ санаттарында бірінші, екінші және үшінші орындар бар.

Біз чемпиондарымызбен мақтанамыз және оларға табыс тілейміз! 

Серік Тілеулинов 1 орын

Арслан Кашенов 2 орын

Айдар Сейсенбаев  3 орын

Зейнулла Ғалымұлы 3 орын

Жеңімпаздарды құттықтаймыз !

Мәдениет және спорт
04 апреля 2026
"Нұрлы перизат-2026" байқауы

 

3 сәуір күні Панфилово ауылының Мәдениет үйінде өткен «Нұрлы Перизат – 2026» байқауы ерекше әсерге толы болды!

Сахнада сұлулық, талант және өнер тоғысып, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады 

Біздің жұлдызымыз — Майқоңыр аулының 1 сынып оқушысы,Бақберген Асылым 
Өзінің жарқын өнерімен көзге түсіп, лайықты түрде  1-орынды жеңіп алды!

Бұл — үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі 
Асылымды шын жүректен құттықтаймыз! Алда тек биік белестер мен жарқын жеңістер болсын 

04 апреля 2026
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты.

Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу аясында оның ашықтығын, айқындығын және заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілді.

Референдумды өткізуге қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.

 

 

Мәдениет және спорт
04 апреля 2026
Аудандық гандбол жарасы

VII - Ұлттық мектеп лигасында
аудандық гандбол жарысы бойынша
II – орынға ие болған
Майқоңыр ЖОББМ 5-6 сынып (ұлдар) командасы
марапатталады!
Құттықтаймыз!

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы