"Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау өткізу туралы ХАТТАМА

«Ертіс ауылы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

қызметі туралы есебін талқылау қорытындысы

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

«Ертіс ауылы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі 2024 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті.

2024 жылы халыққа барлығы 89 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 58.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуіне шешім беру - 9.

3.Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату-9 (қағаз бойынша).

4.Жер учаскесін алуға кезекке қою  - 0.

5.Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 13 (қағаз бойынша).

Әкімдік ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында Ертіс ауылы әкімінің  аппаратының  ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

 

 

«Ертіс ауылы әкімінің  аппараты» ММ

 

Дата публикации
28 февраля 2025