Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда №
19982 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1 Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін
бекітілсін.
2 Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді комитетіне:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар
және
аэроғарыш
өнеркәсібі
министрлігінің
интернет-ресурсында
орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды
қамтамасыз етсін.
3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
А. Батырқожа
Цифрлық даму, инновациялар және