"Голубовка ауылын дамытудың 2026 жылға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы

Голубовка ауылының

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

Голубовка ауылы                                                            2025 жылғы 1 желтоқсан

 

Өткізу орны: Мәдениет үйі

Қатысқандар: 10 адам

 

Күн тәртібі:

«Голубовка ауылын 2026 жылға дамыту бағдарламасын бекіту туралы».

 

Жиынды Голубовка ауылының әкімі Савиных Дмитрий Федорович ашты:

Құрметті жиын мүшелері!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында бүгін Голубовка ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілуде. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.

Төрағаны сайлау қажет.

Қандай ұсыныстар болады?

Басқа ұсыныстар бар ма? Жоқ.

Дауысқа салуды сұраймын.

Сенаторова Т.З. – төраға ретінде Савиных Дмитрий Федоровичті ұсынуды ұсынамын.

Ауыл әкімі: Тағы ұсыныстар бола ма?

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Қабылданды.

Ауыл әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыс хатшысы ретінде

Бахриденова Жадра Журсуновнаны сайлауды ұсынамын.

Басқа ұсыныстар бола ма?

Басқа ұсыныстар? Жоқ.

Дауыс беруді сұраймын.

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Қабылданды.

Жиналыс төрағасы: Савиных Д.Ф.

Құрметті жиналыс қатысушылары!

Күн тәртібінде «Голубовка ауылын 2026 жылға дамыту бағдарламасын бекіту туралы» мәселе қаралуда.

Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беруді сұраймын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Жиналыстың күн тәртібі бекітілді.

Құрметті жиналыс қатысушылары! Сіздерді Голубовка ауылын 2026 жылға дамыту жоспарының жобасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Савиных Д.Ф. қатысушыларды 2026 жылға арналған даму жоспарымен таныстырды.

Ұсыныстар, толықтырулар бар ма?

Ж. Сураганов – ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ауыл аумағында футбол алаңы, балалар ойын алаңы бар, ауыл тұрғындары үшін воркаут алаңын жабдықтау қажет деп санаймын.

М. Лисуненко – «Фортуна» шаруа қожалығының басшысы.

Ж. Сурагановтың воркаут алаңын салу қажеттілігі туралы ұсынысын қолдаймын, ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері сұрап келеді. Осы жобаны 2026 жылға енгізу қажет деп санаймын.

Сенаторова Т.З. және Искаков А.Б. Ж. Сурагановтың «Воркаут алаңын жабдықтау туралы» пікірін қолдады.

Жиналыс төрағасы: Савиных Д.Ф.

«Голубовка ауылында воркаут алаңын жабдықтау» жобасына дауыс беруді сұраймын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Құрметті жиналыс қатысушылары! «Голубовка ауылында воркаут алаңын жабдықтау» жобасы келісілген деп есептелсін.

Жиналыстың күн тәртібі аяқталды.

Жиналысты өткізу бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар болады?

Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

 

Жиналыс төрағасы

 

Савиных Д.Ф.

 

Жиналыс хатшысы

 

Бахриденова Ж.Ж.

 

"Голубовка ауылын дамытудың 2026 жылға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы
Дата публикации
13 марта 2026