«Голубовка ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебін талқылау қорытындылары
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жария түрде талқылау жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асырып жатқан және жоспарланған іс-шаралары туралы халықты хабардар етуге бағытталған.
Қоғамдық талқылаулар сондай-ақ қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін тұрақты жетілдіру, олардың экономикалық тиімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету қағидаттарын іске асыруға бағытталған.
2025 жылы «Голубовка ауылы әкімінің аппараты» ММ қызмет алушыларға 1 (бір) мемлекеттік қызмет көрсетті:
«Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру» – жеке тұлғалар үшін 1 қызмет.
Әкімшілік ғимараттың кабинетінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыруға арналған бланк үлгілері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылған.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауыл әкімдігінің ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді 52 адам алды.
Есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар мен олқылықтар анықталған жоқ.