ХАТТАМА Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының 03.12.2025 ж

    ХАТТАМА Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының

 

Голубовка ауылы                                                          2025 жылғы 03 желтоқсан

Өткізу орны: әкімдік ғимараты                                    сағат 10.00

 

Қатысқандар: 11 адам

 

Жиналысты ауыл әкімі Савиных Д.Ф. ашты:

Құрметті жиналыс мүшелері! Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында бүгін Голубовка ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілуде.

Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.

Төрағаны сайлау қажет. Кандидатура ұсынуларыңызды сұраймын.

Сенатарова Т.З.: төраға етіп Сураганов Жұмабай Сапарұлын сайлауды ұсынамын.

Тағы ұсыныстар бола ма?

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

«Қолдайтындар»? – Бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Қабылданды.

Голубовка ауылының әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыс хатшысы етіп Бахриденова Жадра Жүрсінқызын сайлауды ұсынамын.

Басқа ұсыныстар бола ма?

Басқа ұсыныстар жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

«Қолдайтындар»? - Бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Қабылданды.

Сураганов Жұмабай Сапарұлы мен Бахриденова Жадра Жүрсінқызы өз міндеттеріне кірісулеріңізді сұраймын.

Сөз жиналыс төрағасына беріледі.

Жиналыс төрағасы Сураганов Ж.С.: Құрметті жиналыс қатысушылары! Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2025 жылғы 15 наурыздағы №171–VIII, Иртыш ауданы ауылдары мен ауылдық округтері жергілікті қоғамдастығы жиналысының Регламентінің 2-тарауы 4-тармағына сәйкес, Иртыш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №45-13-8 шешімімен бекітілген, сондай-ақ Иртыш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №52-14-8 шешімімен бекітілген «Иртыш ауданы Голубовка ауылы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларына» сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілуде.

Жиналыстың күн тәртібінде «Иртыш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №112-30-8 «Иртыш ауданы ауылдары мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне, оның ішінде Голубовка ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралады.

Жиналыстың күн тәртібіне дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдайтындар»? - Бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Жиналыс төрағасы: Күн тәртібі бекітілді.

Құрметті жиналыс қатысушылары!

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Голубовка ауылының бюджетін нақтылау қажет.

Сөз Голубовка ауылының әкімі Савиных Д.Ф.-қа беріледі.

Сіздердің қарауларыңызға бюджетті нақтылау бойынша ұсыныс енгізіледі.

Бюджеттің кіріс бөлігінің жылдық жоспары нақты түсімдерді ескере отырып, келесі БСК бойынша ұлғайтылсын:

-104501 «Бірыңғай жер салығы» – 109,0 мың теңге;

Бюджеттің кіріс бөлігінің жылдық жоспары келесі БСК бойынша азайтылсын:

-101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы» – 7,0 мың теңге;

-104401 «Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 42,0 мың теңге;

-104102 «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 60,0 мың теңге.

Бюджеттің шығыс бөлігінде ұлғайтылсын:

124008015 «Елді мекендер көшелерін жарықтандыру» +305,0 мың теңге;

Бюджеттің шығыс бөлігінде азайтылсын:

124009015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – 111,0 мың теңге;

124013015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – 193,0 мың теңге.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Голубовка ауылының 2025 жылға арналған бюджетін келесі көлемдерде келісулеріңізді сұраймын:

  1. кірістер – 35 776 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер – 4 289 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

    трансферттер түсімі – 31 487 мың теңге;

  1. шығындар – 35 878 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;
  3. қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
  4. бюджет тапшылығы (профициті) – -102 мың теңге;
  5. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 102 мың теңге.

Жиналыс төрағасы:

Баяндамашыға сұрақтар бола ма?

Сұрақтар жоқ.

Құрметті жиналыс қатысушылары! Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Голубовка ауылының 2025 жылға арналған бюджетін келісулеріңізді сұраймын.

«Қолдайтындар»? – Бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

2025 жылға арналған Голубовка ауылы бюджетіне енгізілетін өзгерістер келісілді.

Күн тәртібі аяқталды.

Жиналысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бола ма?

Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Қатысқандарыңыз үшін рақмет. Сау болыңыздар.

 

 

Жиналыс төрағасы

Сураганов Ж.С.

Жиналыс хатшысы

Бахриденова Ж.Ж.                   

ХАТТАМА Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының
Дата публикации
08 января 2026