ХАТТАМА Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының 02.12.2025 ж

     ХАТТАМА

Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының

 

Голубовка ауылы                                                     2025 жылғы 02 желтоқсан

Өткізу орны: әкімдік ғимараты                                сағат 10.00

 

Қатысқандар: 11 адам

 

Жиналысты Голубовка ауылының әкімі Савиных Д.Ф. ашты:

Құрметті жиналыс мүшелері! Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында бүгін Голубовка ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілуде.

Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.

Төрағаны сайлау қажет. Кандидатура ұсынуларыңызды сұраймын.

Сенаторова Т.З.: төраға ретінде Сураганов Жұмабай Сапарұлының кандидатурасын ұсынамын.

Тағы ұсыныстар бола ма?

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

Кім «қолдайды»? – Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Қабылданды.

Голубовка ауылының әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыс хатшысы ретінде Бахриденова Жадра Журсуновнаны сайлауды ұсынамын.

Басқа ұсыныстар бола ма?

Басқа ұсыныстар? Жоқ.

Дауыс беруді сұраймын.

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Қабылданды.

Сураганов Жұмабай Сапарұлы мен Бахриденова Жадра Журсуновнадан өз міндеттеріне кірісулерін сұраймын.

Сөз жиналыс төрағасына беріледі.

Жиналыс төрағасы: Сураганов Ж.С.

Құрметті жиналыс қатысушылары!

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 89-бабы 1-тармағына, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №45-13-8 шешімімен бекітілген Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтері жергілікті қоғамдастығы жиналысының регламентінің 2-тарауы 4-тармағына, сондай-ақ Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №48-14-8 «Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілуде.

Жиналыстың күн тәртібінде «Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», оның ішінде Голубовка ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті жобасын келісу туралы мәселе қаралады.

Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беруді сұраймын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Жиналыс төрағасы:

Жиналыстың күн тәртібі бекітіледі.

Сөз Голубовка ауылының әкіміне беріледі.

Құрметті жиналыс қатысушылары!

Голубовка ауылы бюджетінің жалпы көлемі:

* 2026 жылға – 45345 мың теңге, оның ішінде меншікті кірістер – 4484 мың теңге, субвенция – 35861 мың теңге, нысаналы трансферттер – 5000 мың теңге;

* 2027 жылға – 41762 мың теңге, оның ішінде меншікті кірістер – 3376 мың теңге, субвенция – 38386 мың теңге;

* 2028 жылға – 42901 мың теңге, оның ішінде меншікті кірістер – 3565 мың теңге, субвенция – 39339 мың теңге.

Голубовка ауылының 2026 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 45345,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде салықтық түсімдер – 4484,0 мың теңге, соның ішінде:

101202 коды «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы» – 1290,0 мың теңге;

104102 коды «Жеке тұлғалардың мүлік салығы» – 48,0 мың теңге;

104302 коды «Жер салығы» – 1,0 мың теңге;

104401 коды «Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 790,0 мың теңге;

104402 коды «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 2288,0 мың теңге;

105315 коды «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы» – 67,0 мың теңге.

Трансферттердің түсімі – 40861,0 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттер – 5000,0 мың теңге, субвенция – 35861,0 мың теңге.

Қаражатты келесі бағдарламалар бойынша бөлу жоспарлануда:

124001015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» – 32187,0 мың теңге;

124008015 «Елді мекендер көшелерін жарықтандыру» – 3618,0 мың теңге;

124009015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – 856,0 мың теңге;

124011015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» – 6164,0 мың теңге;

124013015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде және ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – 2520,0 мың теңге.

Голубовка ауылында воркаут алаңын жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 5000,0 мың теңге көлемінде нысаналы ағымдағы трансферттер ескерілген.

Голубовка ауылының 2027 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 41762,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде салықтық түсімдер – 3376,0 мың теңге, соның ішінде:

101202 коды бойынша «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы» – 1409,0 мың теңге;

104102 коды «Жеке тұлғалардың мүлік салығы» – 50,0 мың теңге;

104302 коды «Жер салығы» – 1,0 мың теңге;

104401 коды «Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 474,0 мың теңге;

104402 коды «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 1372,0 мың теңге;

105315 коды «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы» – 70,0 мың теңге.

Субвенция – 38386,0 мың теңге.

Қаражат келесі бағдарламаларға бөлінеді: 124001015 – 33197,0 мың теңге; 124008015 – 3799,0 мың теңге; 124009015 – 898,0 мың теңге; 124011015 – 1222,0 мың теңге; 124013015 – 2646,0 мың теңге.

Голубовка ауылының 2028 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 42901,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде салықтық түсімдер – 3565,0 мың теңге, соның ішінде:

101202 коды бойынша – 1537,0 мың теңге; 104102 коды бойынша – 53,0 мың теңге; 104302 коды бойынша – 1,0 мың теңге; 104401 коды бойынша – 487,0 мың теңге; 104402 коды бойынша – 1413,0 мың теңге; 105315 коды бойынша – 74,0 мың теңге.

Субвенция – 39336,0 мың теңге.

Қаражат келесі бағдарламаларға бөлінеді: 124001015 – 33907,0 мың теңге; 124008015 – 3989,0 мың теңге; 124009015 – 943,0 мың теңге; 124011015 – 1283,0 мың теңге; 124013015 – 2779,0 мың теңге.

Голубовка ауылының 2026 жылға арналған бюджет жобасы келесі көлемде айқындалады:

  1. кірістер – 45345 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер – 4484 мың теңге;

    трансферттердің түсімі – 40861 мың теңге;

  1. шығыстар – 45345 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредит беру – нөлге тең;
  3. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
  4. бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;
  5. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – нөлге тең.

Жиналыс төрағасы:

Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

Сұрақтар жоқ.

Құрметті жиналыс қатысушылары! «Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», оның ішінде Голубовка ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті жобасын келісуді сұраймын.

Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.

Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Құрметті жиналыс қатысушылары! «Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», оның ішінде Голубовка ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті келісілген болып есептелсін.

Жиналыстың күн тәртібі аяқталды.

Жиналысты өткізу бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар болады?

Ескертулер мен ұсыныстар жоқ.

Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Қатысқандарыңызға рақмет. Сау болыңыздар.

 

Жиналыс төрағасы

Сураганов Ж.С.

Жиналыс хатшысы

Бахриденова Ж.Ж.              

ХАТТАМА Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының 02.12.2025 ж
Дата публикации
08 января 2026