Хаттама
Голубовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы
Голубовка ауылы 2025 жылғы 29 тамыз
Өтетін орны: әкімшілік ғимаратында сағат 10:00
Қатысты: 11 адам
Жиналысты Голубовка ауылының әкімі Дмитрий Федорович Савиных ашты.
Құрметті жиналыс мүшелері !
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында бүгін Голубовка ауылында тұрғындардың жиналысы өткізіледі.
Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылған.
Төрағаны сайлау қажет. Кандидатураны ұсынуларыңызды сұраймын.
Сенатарова Т.З.: Төраға лауазымына Сураганов Жумабай Сапарұлын таңдауды ұсынамын.
Тағы да ұсыныстар бар ма?
Егер ұсыныстар болмаса, ұсынылған кандидатураны дауысқа салуды ұсынамын.
«Қолдайтындар?» – Бірауыздан.
«Қарсы» – жоқ.
«Бас тартқандар» – жоқ.
Қабылданды.
Голубовка ауылының әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыстың хатшысы қызметіне Бахриденова Жадра Журсунқызын сайлауды ұсынамын.
Басқа ұсыныстар бар ма?
Басқа ұсыныстар жоқ.
Дауыс беруді ұсынамын.
Ұсынылған кандидатураны дауысқа салайық.
«Қолдайтындар?» – Бірауыздан.
«Қарсы» – жоқ.
«Бас тартқандар» – жоқ.
Қабылданды.
Сурағанов Жұмабай Сапарұлы мен Бахриденова Жадра Журсунқызын өз міндеттеріне кірісуге шақырамын.
Сөз жиналыс төрағасына беріледі.
Жиналыс төрағасы: Сураганов Ж.С.
Құрметті жиналыс қатысушылары!
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2025 жылғы 15 наурыздағы №171–VIII, сондай-ақ Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламентінің 2-бөлім, 4-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №45-13-8 шешіміне, және 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №52-14-8 шешімімен бекітілген
«Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиналыстарын өткізу қағидаларына» сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізіліп отыр.
Жиналыстың күн тәртібінде: «Голубовка ауылының 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасын келісу туралы» мәселе қаралады.
Күн тәртібін дауысқа салайық.
«Қолдайтындар?» – Бірауыздан.
«Қарсы» – жоқ.
«Бас тартқандар» – жоқ.
Қабылданды.
Жиналыс төрағасы: Жиналыстың күн тәртібі бекітілді.
Құрметті жиналыс қатысушылары!
2026 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы 5122 мың теңгені құрайды, оның ішінде салықтық түсімдер – 5122 мың теңге, соның ішінде:
101202 коды – «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» – 1807 мың теңге,
104102 коды – «Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық» – 36 мың теңге,
104302 коды – «Жер салығы» – 1 мың теңге,
104401 коды – «Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық» – 790 мың теңге,
104402 коды – «Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық» – 2393 мың теңге,
105315 коды – «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем» – 95 мың теңге.
Субвенция мөлшері – 31 668 мың теңге.
Шығыстардың жалпы сомасы 36 790 мың теңге болып, келесі бағдарламаларға бөлінеді:
124001015 – «Қалалық, ауылдық, кенттік, ауылдық округ әкімі қызметінің қызметін қамтамасыз ету» – 28 632 мың теңге,
124008015 – «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» – 3 618 мың теңге,
124009015 – «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – 856 мың теңге,
124011015 – «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» – 1 164 мың теңге,
124013015 – «Қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – 2 520 мың теңге.
Жиналыс төрағасы:
Баяндамашыға сұрақтар бар ма?
Сұрақтар жоқ.
«Голубовка ауылының 2026 жылға арналған бюджеті туралы» жобаны келісілген деп есептеуді ұсынамын.
«Қолдайтындар?» – Бірауыздан.
«Қарсы» – жоқ.
«Бас тартқандар» – жоқ.
Жиналысты жабық деп есептеуге рұқсат етіңіздер.
Қатысуларыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!
|
Жиналыс төрағасы |
Сураганов Ж.С. |
|
Жиналыс хатшысы |
Бахриденова Ж.Ж. |