Голубовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының 22.05.2026 ж. ХАТТАМАСЫ

Голубовка ауылының

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

Голубовка ауылы                                                            2026 жылғы 22 мамыр

 

Өткізу орны: Мәдениет үйі

Қатысқандар: 10 адам

 

Күн тәртібі:

«Мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесін

жөндеуге қаражат бөлу туралы»

Жиынды Голубовка ауылының әкімі Савиных Дмитрий Федорович ашты:

Құрметті жиын қатысушылары!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында бүгін Голубовка ауылы тұрғындарының жиыны өткізілуде. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.

Жиын төрағасын сайлау қажет. Қандай ұсыныстар болады? Басқа ұсыныстар бар ма?

Сенаторова Т.З. – жиын төрағасы ретінде Савиных Дмитрий Федоровичтің кандидатурасын ұсынамын.

Ауыл әкімі:

Тағы ұсыныстар бола ма? Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.

«Қолдайтындар» – бірауыздан. Қарсы – жоқ.Қалыс қалғандар – жоқ. Қабылданды.

Ауыл әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыс хатшысы ретінде Бахриденова Жадра Журсуновнаны сайлауды ұсынамын. Басқа ұсыныстар бола ма? Басқа ұсыныстар? Жоқ. Дауыс беруді сұраймын.

Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын. Кім «қолдайды»? - Бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ. Қабылданды.

Жиналыс төрағасы: Савиных Д.Ф.

Құрметті жиын қатысушылары!

Күн тәртібіне «Мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесін жөндеуге қаражат бөлу туралы» мәселе енгізіліп отыр. Күн тәртібін бекітуге дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдайтындар» – бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ. Күн тәртібі бекітілді.

Құрметті жиын қатысушылары!

Талқылау барысында мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі атап өтілді. Спорттық іс-шараларды, жаттығуларды және жастардың бос уақытын қауіпсіз әрі толыққанды өткізу үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, оның ішінде істен шыққан жарық шамдарын, кабель өнімдерін және жарықтандыру жүйесінің өзге де элементтерін ауыстыру қажет.

Осыған байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 500 мың. теңге көлемінде қаражат бөлу қажет. Ұсыныстар, толықтырулар бар ма?

Ж. Сураганов – ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ауыл аумағында мини-футбол алаңы бар, алайда жарықтандыру жүйесі жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты кешкі уақытта тұрғындардың спорттық іс-шаралар мен жаттығуларды қауіпсіз әрі жайлы өткізуі үшін мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет деп санайды.

М. Лисуненко – «Фортуна» шаруа қожалығының басшысы.

Ж. Сурағановтың мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесін жөндеу қажеттілігі туралы ұсынысын қолдады. Ауыл тұрғындары бұл мәселе бойынша бірнеше рет өтініш білдіргенін атап өтті. 2026 жылға жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлуді қажет деп санайды.

Сенаторова Т.З. мен Искаков А.Б. Ж. Сурағановтың мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесін жөндеу қажеттілігі туралы пікірін қолдады.

Жиналыс төрағасы: Савиных Д.Ф.

Голубовка ауылындағы мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесін жөндеуге қаражат бөлу мәселесін дауысқа салуды ұсынамын.

«Қолдайтындар» – бірауыздан. Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.

Құрметті жиын қатысушылары!

«Мини-футбол алаңының жарықтандыру жүйесін жөндеуге қаражат бөлу туралы» мәселе келісілген болып есептелсін.

Күн тәртібі аяқталды.

Жиынды жүргізу бойынша ескертулер, ұсыныстар бар ма?

Жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

 

Жиналыс төрағасы

 

Савиных Д.Ф.

 

Жиналыс хатшысы

Бахриденова Ж.Ж.

Голубовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы
Дата публикации
26 мая 2026