GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
Сайлау
05 августа 2026
ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін «ЖСН бойынша өз сайлау учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.

Өз сайлау учаскеңізді төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:

https://t.me/PVLSailau_bot 

Мәдениет және спорт
27 апреля 2026
"Екі жұлдыз-2026" екінші топ

Ауылдық мәдениет үйінде  «Екі жұлдыз – 2026» екінші топ байқауы   өтті. Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен бұл өнер додасы ерекше әсерге толы болды. Байзақов ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары да байқауға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде Кулахметова Айкүміс пен Сыздықова Айдана жүлделі  ІІІ орынды иеленді! Өнер мен шабыт тоғысқан бұл кеште қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, сахнада жарқырай білді. Әрбір өнерпаздың өнері – нағыз еңбектің, талпыныстың нәтижесі екені анық көрінді. Осындай мәдени шаралар ауданымыздың рухани өмірін байытып, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

Мәдениет және спорт
23 апреля 2026
"Мы из Беловодска!"атты кітабының тұсаукесер рәсімі

Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылындағы Байзақов ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Геннадий Гаврилович Сокуренко мен Ирина Александровна Дьяченко-Винтердің «Мы - из Беловодска!» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Роза Қабиболлақызы Аканова, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гулдана Ақылбекқызы Сәрсембенова, Байзақов ауылының әкімі Арман Анарбекұлы, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Самат Мәненұлы Маненов, сондай-ақ кітап авторы Геннадий Гаврилович Сокуренко қатысты. Кездесу барысында Беловодск совхозының тарихын бейнелейтін «Туған жердің тынысы» атты фотокөрме ұйымдастырылып, кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Іс-шараның көркін Ы.Айтимбетова мен Бердіғұл Нұргелді орындаған әндер аша түсті. Жылы атмосферада өткен кездесу туған жерге деген құрмет пен өткенге тағзымды жаңғыртып, көпшіліктің жүрегінен орын алды.

 

Мәдениет және спорт
21 апреля 2026
«Екі жұлдыз – 2026»

Байзақов ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Кулахметова Айкүміс пен М.Горький ЖОББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Екі жұлдыз – 2026» байқауына қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. 🎤🌟

Нәтижесінде, қатысушыларымыз байқаудың екінші турына жолдама алып, келесі кезеңге өтті! 👏

Жеңіс жолында сәттілік тілейміз, шығармашылық табыс пен жаңа белестер бағындыра берсін! 💫

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
17 марта 2026
Мал шаруашылығын кешенді дамыту бағдарламаларының басталуы

📢 Ауылшаруашылық тауар өндірушілер НАЗАРЫНА!
«Игілік»
«Береке»
«Жайлау»
бағдарламаларының басталуы!
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысыңыз!
✅ НЕГІЗГІ ШАРТТАР:
• Есептік нөмірдің болуы.
• Жайылымдық жердің болуы (есеп: 1 басқа 3 га).
• Мал ұстауға арналған үй-жайдың болуы
🐂 САТЫП АЛЫНАТЫН МАЛДЫҢ ЖАСЫ:
• Аналық мал (етті бағыт): 9-18 ай.
• Қашарлар (сүтті бағыт): 12-17 ай.
• Құнажындар (сүтті бағыт, 5 айға дейінгі буаздық): 18-26 ай.
• Асыл тұқымды бұқалар (етті бағыт): 12-26 ай.
💻 ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
• Міндетті түрде RFID сәйкестендіру (чип/сырға).
• Деректерді жинақтау үшін сканерлерді пайдалану.
• АШБ және САТЖАБ жүйелерінде тіркелу («асыл тұқымды» мәртебесі берілуі тиіс).
⚠️ ЕРЕКШЕ ШАРТТАР (МАҢЫЗДЫ!):
📅 Аналық малды мақсатты пайдалану мерзімі — кемінде 4 жыл (ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 03.12. №3-3/1061 бұйрығына сәйкес табиғи өлім нормаларын қоспағанда).
🧬 2. Етті бағыт үшін:
Етті бағыттағы мал сатып алған кезде міндетті түрде:
• І санаттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану (норма: 1 бұқаға 30 бастан аспау).
• НЕМЕСЕ жасанды ұрықтандыруды қолдану (актілермен расталуы тиіс).
⏳3. Өндіруші бұқалар үшін:
Сатып алынған бұқаларды мақсатты пайдалану мерзімі — қатарынан 2 шағылыстыру маусымынан аспауы тиіс (кемінде 18 ай).
📲 Туындаған сұрақтар болса, келесі мекен-жайларға хабарласыңыз:
📍 аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері
📍 Ауыл шаруашылығы басқармасы
📞 32-22-59
📞 32-22-09
📍 Аграрлық несие корпорациясы
📞 1408
📞 87010061991

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
08 августа 2025
Ауылшаруашылық санағы 2025

Құрметті респонденттер!

2025 жылғы 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында sanaq. gov. kz сайтында " Бір терезе қызметінің" есеп қабылдау кабинетінде 2-СХП/КФХ және 3-ЛПХ санақ нысандары бойынша сауалнама өтуге болады.

Ауыл шаруашылығы - ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!

Әлеуметтік қорғау
16 января 2025
Қазақстанда көп балалы отбасыларға салық жүктемесі азайтылады

Көп балалы отбасыларды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтарының бірі. 2025 жылғы қаңтардан бастап салық заңнамасында отбасылық табысқа әсер ететін өзгерістер болды.

Атап айтқанда, ҚР Салық кодексінің 347-бабында көп балалы отбасылар үшін маңызды жаңалықтар айтылады.

Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі күнтізбелік жылға белгіленген 282 АЕК-тен (2025 жылы – 1 108 824 теңге) аспайтын мөлшерде екі ата-анаға жиынтығында мынадай тәртіптердің бірінде қолданылады:

1) көп балалы отбасының ата-анасының біреуіне әр ай үшін 23 АЕК (2025 жылы – 90 436 теңге);

2) көп балалы отбасының әрбір ата-анасына әр ай үшін 12 АЕК (2025 жылы – 47 184 теңге) мөлшерінде.

Салықтық шегерім үшін шарт: отбасында осы шара қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың болуы. Растау үшін балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсыну қажет.

Салық жеңілдіктерін алу үшін құжаттар жергілікті салық органдарына немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметіне – салықтық шегерімге өтініш беріледі.

Осылайша, көп балалы отбасылар үшін салық жүктемесі төмендейді.

 

 

24 сентября 2024
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум өтеді.

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум өтеді.

04 июля 2024
Судағы қауіпсіздік
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
04 июля 2024
Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Байзақов ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы