Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ!

Қызылша – өте жұқпалы, вирустық текті ауыр ауру. Бұл ауру адамның орталық жүйке жүйесін және басқа да маңызды мүшелерін зақымдайды, ауыр асқынуларға, науқастың мүгедектігіне, кейде науқастың өліміне әкелуі мүмкін.

Облыста қызылша ауруы бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан. Статистика көрсеткендей, өңірде аурушаңдықтың артуы ата-аналардың балаларын екпеден бас тартуы салдарынан екпе алмаған балалармен байланысты. Олардың үлесі ауру балалар санының 84% құрады. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препараттар жоқ. Қызылша инфекциясының, сондай-ақ оның асқынуларының алдын алудың бірден-бір тиімді құралы вакцинация болып табылады. Павлодар облысында қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша иммундау жалғасуда. Сіз алған қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы балаңыздың иммундық жүйесін нығайтады. Инфекцияны жеңген дұрыс, содан кейін табиғи иммунитет дамиды деген пікір бар. Бұл мүлдем дұрыс емес! Айта кету керек, елде вакцинаны енгізуге байланысты асқынулар тіркелмеген.

Кез келген инфекция баланың иммунитетіне күшті соққы болып табылады, ол қалпына келмеуі мүмкін.

Біз балалардың барлық ата-аналарын қызылшаға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жеріндегі емханаға тез арада хабарласуға шақырамыз. Балаңыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірудің қажеті жоқ!

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2024
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ!
12 февраля 2024
Әлеуметтік қорғау
12 февраля 2024
Мәдениет және спорт

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы