|
|
Ертіс ауданы әкімдігінің
2020 жылғы«10»қаңтардағы
№ 4/1 қаулысына 1-қосымша
|
«Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
- Жалпы ережелер
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округінің аумағында жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекет Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140504, Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылы, Николаев көшесі, 5.
- Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение «Аппарат акима Байзаковского сельского округа».
- Осы Ереже «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- «Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
«Байзақов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.