2026 жылғы 3 ақпанда Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аманкелді ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді. Комиссия төрағасы Т.Б. Купеев сайланған әкімге куәлік табыс етті.
Аманкелді ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Шарманова Алмагуль Сейсенбаевна 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Шарманова А.С. 1984 жылы 15 ақпанда Аманкелді ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын білім беру сферасынан бастады, 2022 жылдың ақпанынан бастап 2026 жылдың қаңтар айына дейін Аманкелді ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.
Жаңартылған сервистер халыққа құқықтық тәуекелдер мен қауіптер бойынша қарапайым және түсінікті кеңестерді, құқықтық өзін-өзі қорғау және кеңес беру құралдарын, қылмыстық қудалау органдарына онлайн өтініш беру үшін 102-ге, «Qamqor.gov.kz» сервисіне тиісті сілтемелерді ұсынады.
Осыған ұқсас GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында іске асырылды.
# Заң_мен Тәртіп
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады.
Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.
Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.
Құрметті респонденттер!
2025 жылғы 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында sanaq. gov. kz сайтында " Бір терезе қызметінің" есеп қабылдау кабинетінде 2-СХП/КФХ және 3-ЛПХ санақ нысандары бойынша сауалнама өтуге болады.
Су өткізгіш құбырларды тазалау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Аманкелді ауылдық округі аумағында су тасқынының алдын алу бойынша қарды шығару.
Бүгін 08.02.2024 жылы сағат 12:55-те Көктем-2024 Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының өткізілуіне байланысты Павлодар облысының аумағында дыбыстық сигнал беру арқылы электрсиренасы іске қосылды (Барлығының назарына).