2025 жылғы 12 ай үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есеп

2025 жылдың 12 айы бойынша

«Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау өткізу туралы

                                                                                                                                                         

Ленин  ауылы                                                          2026 жылғы  28  қаңтар

 сағат: 15.00

 

          Жиналыстың төрағасы: С.А.Каменчук

 

Күн тәртібі

 

2025 жылдың 12 айындағы  «Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты»  КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау.

 

«Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ басшысы А.С. Шарманова есепті ашып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке тұлға және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізетінін түсіндірді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Мемлекеттік қызметтердің сапасы, қызмет есептілігі мен ашықтығы,  қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша барлық қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша таныстырды.

2025 жылы  «Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік қызметі халыққа көрсетілді, атап айтқанда 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қызмет алушылар тарапынан шағымдар жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ.

Талқылау кезіндеқатысушыларға есепті талқылауды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, көрсетуге қатысты бар мәселелер мен ұсыныстарын айтуды ұсынды.

Қызмет алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Талқылау қорытындысы бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, уақытылы көрсетілуіне мүмкіндіктер жасалсын;
  2. Әкімдік Instagram парақшасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабарландыру жариялау жасау;
  3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде E-gov.kz арқылы жүргізу.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.

 

 

                             Төраға:                              С.А. Каменчук

                              Хатшы                               Н.А.Колпакова

 

 

 

 

 

2025 жылғы 12 ай үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есеп
Дата публикации
28 января 2026