ХАТТАМА
жергілікті қоғамдастықтың жиналысы Аманкелді ауылдық округі
Ленин ауылы 2025 жылғы 3 желтоқсан
Өткізілетін орны: ауылдық клуб сағат 11-00
Қатысқандар: 8 адам
Жиналысты Аманкелді ауылдық округінің әкімі А.С.Шарманова ашты:
Құрметті жиналыс мүшелері!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында Аманкелді ауылдық округі тұрғындарының жиналысы өткізіледі. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Төрағаны таңдау қажет.
Қандай ұсыныстар болады?
Мұқсунов Ж.Қ.: Қарыбаев Қуаныш Қайыржанұлын төраға етіп сайлауды ұсынамын.
Ауылдық округ әкімі: Тағы да ұсыныстар бар ма?
Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Ауылдық округ әкімі: Хаттама жүргізу үшін жиналыстың хатшысын сайлауды ұсынамын Каменчук С
Басқа ұсыныстар бола ма?
Басқа ұсыныстар? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Қ.Қ. Қарыбаева мен С.А. Каменчуктен өз міндеттеріне кірісуін сұраймын. Сөз жиналыс төрағасына беріледі.
Жиналыс төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысы Регламентінің 4-тармағының 2-тарауы, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-13-8 шешімімен, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 48-14-8 «Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізіледі. Жиналыстың күн тәртібінде Ертіс ауданының «Ертіс ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 112-30-8 шешіміне, оның ішінде Аманкелді ауылдық округінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралуда. Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Жиналыс төрағасы: Жиналыстың күн тәртібі бекітіледі. Аманкелді ауылдық округінің әкімі А.С. Шармановаға сөз беріледі Құрметті жиналысқа қатысушылар! Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауылдық округінің бюджетін нақтылау жүргізіледі.
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Сіздердің қарауларыңызға Аманкелді ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша ұсыныс енгізіледі.
Бюджеттің шығыс бөлігі 207 мың теңгеге кемітілсін,
-124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 207 мың теңге
Үлкейту;
124008015- «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 818 мың теңгеге;
Бюджеттің кіріс бөлігінде жыл соңына дейін өз кірістерінің нақты және күтілетін түсімдерін ескере отырып, мынадай БСК бойынша жылдық жоспар:
Үлкейту:
- 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық» 490 мың теңгеге
- 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық» 77 мың теңгеге
- 104501 «Бiрыңғай жер салығы» 421 мың теңге
Кішірейту:
- 104402 «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық» 377 мың теңгеге,
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Сізден Аманкелді ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетін мынадай көлемдерде келісуді сұраймын:
1) кірістер - 40003 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 11605 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 28398 мың теңге;
2) шығындар - 43452 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3449 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 3449 мың теңге.
Жиналыс төрағасы:
Баяндамашыға сұрақтар қойыла ма?
Сұрақ жоқ.
Құрметті жиналысқа қатысушылар! Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Аманкелді ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетін келісуді сұраймын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Аманкелді ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетіне енгізілетін өзгерістер келісілді. Жиналыстың күн тәртібі аяқталды.
Жиналыс өткізу бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар болады?
Жиналысты жабық деп есептеуге рұқсат етіңіз. Қатысқаныңыз үшін рахмет. Сау больщыз.
Жиналыс төрағасы Қ.Қ. Қарыбаев
Жиналыс хатшысы Каменчук