ХАТТАМА
жергілікті қоғамдастықтың жиналысы Аманкелді ауылдық округі
Ленин ауылы 2026 жылғы 02 сәуір
Өткізілетін орны: ауылдық клуб сағат 11-00
Қатысқандар: 8 адам
Жиналысты Аманкелді ауылдық округінің әкімі А.С.Шарманова ашты:
Құрметті жиналыс мүшелері!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында Аманкелді ауылдық округі тұрғындарының жиналысы өткізіледі. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Төрағаны таңдау қажет.
Қандай ұсыныстар болады?
Мұқсунов Ж.Қ.: Қарыбаев Қуаныш Қайыржанұлын төраға етіп сайлауды ұсынамын.
Ауылдық округ әкімі: Тағы да ұсыныстар бар ма?
Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Ауылдық округ әкімі: Хаттама жүргізу үшін жиналыстың хатшысын сайлауды ұсынамынКаменчук С
Басқа ұсыныстар бола ма?
Басқа ұсыныстар? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Қ.Қ. Қарыбаева мен С.А. Каменчуктен өз міндеттеріне кірісуін сұраймын. Сөз жиналыс төрағасына беріледі.
Жиналыс төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысы Регламентінің 4-тармағының 2-тарауы, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-13-8 шешімімен, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 48-14-8 «Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізіледі.Жиналыстың күн тәртібінде Ертіс ауданының «Ертіс ауданының 2026-2028 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 112-30-8 шешіміне, оның ішінде Аманкелді ауылдық округінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралуда. Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Жиналыс төрағасы: Жиналыстың күн тәртібі бекітіледі. Сөз Аманкелді ауылдық округінің әкімі А.С. Шармановаға беріледі.
Құрметті жиналысқа қатысушылар! Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауылдық округінің бюджетін нақтылау жүргізіледі. Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Сіздердің қарауларыңызға Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша ұсыныс енгізіледі.
Жергілікті бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен Ленин ауылы зиратты қоршауға және Ленин селосындағы саябақты абаттандыруға бөлінген бюджет қаражаты бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу қалыптасты, осыған байланысты бюджеттің шығыс бөлігі 654 мың теңгеге төмендетілді, мынадай бағдарламалар бойынша:
-124010029 «Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу» - 210 мың теңге
- «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» 124011029 444 мың теңгеге;
Шығыс бөлiгiнiң өзгеруiне байланысты кiрiс бөлiгiн, трансферттер түсiмдерi мен шығындарды азайту.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Сізден Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетін келесі көлемдерде келісуіңізді сұраймын:
1) кірістер - 52634 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13132 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 39502 мың теңге;
2) шығындар - 52634 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) нөлге тең.
Жиналыс төрағасы:
Баяндамашыға сұрақтар қойыла ма?
Сұрақ жоқ.
Құрметті жиналысқа қатысушылар! Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетін келісуді сұраймын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетіне енгізілетін өзгерістер келісілді. Жиналыстың күн тәртібі аяқталды.
Жиналыс өткізу бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар болады?
Жиналысты жабық деп есептеуге рұқсат етіңіз. Қатысқаныңыз үшін рахмет. Сау больщыз.
Жиналыс төрағасы Қ.Қ. Қарыбаев
Жиналыс хатшысы Каменчук С.А.